Коронавирус пандемиясы ақпарат әлеміне түбегейлі өзгеріс енгізді. Жалған ақпарат, қауесет, жорамал, өсек-аяң, фейктер вирустан да жылдам тарап, ел ішінде дүрбелең тудырды. Бұл құбылысты «инфодемия» деп атады. Желілерде конспирологиялық пікірлер мен күмәнді емдеу тәсілдері күннен күнге көбейіп, жұртшылықты үрейлендіріп-ақ жатыр. Инфодемия қаншалықты қауіпті екенін Иран мысалынан да көруге болады. О жақта бірнеше адам вирустан қорғанудың тәсілі туралы жалған хабарламаларға сеніп метил спиртін ішіп, қайтыс болды.
Біз - Factcheck.kz, «Жаңа репортер» және «.три.точки. Знай, что смотришь» фактчекинг редакциялары ақпаратты сыни пайым елегінен өткізіп, саналы түрде қабылдау, дереккөздерін тексеру, фейктерді анықтай алу қабілеті – сізді және жақындарыңызды ағат шешімдерден қорғап, тіпті өміріңізді аман алып қалуы мүмкін, деп есептейді. Сол себепті де Covid-19 туралы фейктер мен үкімдерін бір ресурсқа жинадық.
Біз жаңалықтар мен әлеуметтік желілерде күн сайын бақылап, коронавирус инфодемиясы қаупі сейілмейінше фейктер лентасын ұдайы жаңартамыз.

COVID-19 ТУРАЛЫ ФЕЙКТЕР МЕН ҮКІМДЕРІ

ФОТОФЕЙКТЕР ЖӘНЕ ҮКІМДЕРІ

АҚПАРАТТЫ ТЕКСЕРУГЕ ЖІБЕРІҢІЗ
Электронды поштаңыз
егер тексеру қорытындысын білгіңіз келсе, поштаны жазу керек
Хабарлама скриншоты
Хабарлама мазмұны
Фейк аулаймыз
Егер сізге коронавирус туралы жұртшылықты шулатып, дүрбелең туғызып, әбігерге салған түрлі тосын хабарламалар келіп жатса, соны бізге жіберіңіз! Тексереміз!
Қанеки, фейктерді бірге анықтайық!
Жобаны дайындағандар:
Ольга Королева, Аслан Сейіт,
Юлия Панкратова, Анна Шабалдина,
Ольга Каплина, Жәнібек Нұрыш,
Павел Банников, Гүлім Әмірханова.
Дизайн: Михаил Кишкарёв.

Жобаны дайындағандар:
Ольга Королева, Аслан Сейіт,
Юлия Панкратова, Анна Шабалдина,
Ольга Каплина, Жәнібек Нұрыш,
Павел Банников, Гүлім Әмірханова
Дизайн: Михаил Кишкарёв.